ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ!
🏫 5-11 сынып оқушыларына «Әділетті қоғамдағы менің жауапкершілігім» тақырыбында сынып сағаты және «Жұмысқа орналасудағы алаяқтықтан сақтану» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді.
🇰🇿 Әділетті қоғам – адалдық пен жауапкершіліктен басталады!
Сынып сағаты барысында оқушыларға әділдік, адалдық, адамгершілік, заңға құрмет және азаматтық жауапкершілік құндылықтары түсіндірілді. Білім алушылар қоғамдағы өз рөлі мен міндеттері туралы ой бөлісіп, әділетті қоғам қалыптастырудағы әр адамның үлесін талқылады.
🔐 Қауіпсіздік сабағы аясында жұмысқа орналасу кезіндегі алаяқтық әрекеттердің түрлері, жалған жұмыс ұсыныстарын анықтау, жеке деректерді қорғау және интернеттегі күмәнді хабарландырулардан сақтану жолдары қарастырылды.
🎯 Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және алаяқтық әрекеттерден қорғану дағдыларын жетілдіру.
✨ Әділдік – ардың ісі, жауапкершілік – әр азаматтың міндеті!
👨‍🏫 Сынып жетекшілер: Бопанова Д.Қ., Қаби Д.А., Нұртазина А.Б., Жылысова Ж.Қ., Жиентаев А.С., Альжанова Г.М., Баяхметов Е.С.
Дата публикации: 02.11.2026