2025-2026 оқу жылы
Мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру туралы БҰЙРЫҚ № 01-04/79 03.09.2025 жыл
Бракераждық комиссияның жоспары
Бракераждық комиссияны құры туралы БҰЙРЫҚ № 01-04/72 29.08.2025 жыл
Мектепте барлығы 72 оқушы және мектепалды даярлық тобында 7 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Оның ішінде 25 оқушы жалпы білім беру қорынан, 15 оқушы мемлекет тарапынан тегін тамақтанады. Оқушылардың тамақтануы күнделікті бақылауға алынып, тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп отыр. Асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай, тағамның сапасы жақсы деңгейде ұйымдастырылған.
Жаңа бекітілген мәзірге сәйкес тамақ түрлері мүмкіндігінше толық әрі теңгерімді түрде дайындалуда. Ас мәзіріне дәрумендерге бай тағамдар енгізіліп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құнарлылығы сақталуда. Тамақ дайындау барысында азық-түліктің сапасы мен сақтау мерзіміне ерекше көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар, тамақтану кестесі сақталып, оқушылардың уақытылы әрі толыққанды тамақтануына жағдай жасалған. Асханада тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп, санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталады. Қауіпсіздік ережелері де назардан тыс қалмай, тағам дайындау барысында барлық нормалар орындалады.
Ата-аналар мен мектеп әкімшілігі тарапынан да бақылау жүргізіліп, ұсыныс-пікірлер ескеріліп отырады. Медициналық қызметкер тарапынан оқушылардың денсаулығы қадағаланып, тамақтанудың сапасына байланысты тексерулер жүргізіледі. Асхана қызметкерлері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, оқушылардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Алдағы уақытта да оқушыларды сапалы және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету, ас мәзірін жетілдіру және қызмет көрсету деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.





06.04.2026 жыл

06.04.2026 жыл

30.03.2026 жыл

03.12.2025 жыл

2024-2025 оқу жылы
Шал ақын ауданындағы Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінде 2024-2025 оқу жылында 2024 жылдың 2 қыркүйегінен оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысы санитарлық-гигиеналық және бүгінгі карантиндік кезең талаптарына сай жүйелі түрде ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен 100% қамтылса ,оның ішінде 12- бастауыш сынып оқушылары мемлекет тарапынан , 32- оқушы Жалпы білім беру қорынан, демеуші көмегімен 5-оқушы ЖШС "АзАсАл" басшысы Таспаев А.Б тегін тамақтанады. Ақылы тамақ құны мектеп учаскесі өнімдерін пайдалану арқылы 250 теңгені құрайды. Асхана 30 орынға шақталған, ас мәзірі екі аптаға жасалып бекіттірілген,сынып жетекшілері оқушылардың толық тамақ ішулерін қадағалауды жүргізеді. Мектеп директоры Казбекова Жайнагуль Кусмановна ыстық тамақтың сапалы ұйымдастырылуын әрдайым өз бақылауында ұстайды.
2024 жылдың 9 қыркүйегінде тамақтану жөніндегі комиссия мектептің тамақтану бөлімі жұмысын тексерді. Тексеру барысында : Күнделікті нормалар таңдалады және тоңазытқышта сақталады. Тамақтану төрт апталық мәзірге сәйкес беріледі. Ыдыстардың дәмі тексерілді; Дайындық сапасына немесе тағамның сапасына шағымдар жоқ. Тағам бөліктерінің салмағы тексерілді және көрсетілген мәзірге сәйкес келеді.


2023-2024 оқу жылы
Мектебіміздің медбикесі Таспаева Б. «Дұрыс тамақтану-болашақ ұлт денсаулығын сақтау» тақырыбында оқушыларға дәріс оқыды. Мақсаты: Пайдалы және зиянды тағамдық заттармен таныстыру.Тамақтану ережелерін жаттау.Ұзақ өмір сүру үшін басты себеп - дұрыс тамақтана білуге тікелей байланысты екенін дәлелдеу.Дұрыс тамақтана білу мәдениетіне тәрбиелеу.
6-7 сынып оқушылары арасында “Денсаулық-ең басты қажеттілік” тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: -Ас адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде қуат көзі; -Ас ішу біздің жасушаларымыз бен қант диабеті, әртүрлі аурулардың алдын алу; - дұрыс тамақтана білу- денсаулықтың басты кепілі.
2022-2023 оқу жылы
https://b133.bilim-portal.kz/sites/zhanazholskayash.edu.kz/pitanie12.01.23.PDF
2021-2022 жылдар
Ыстық тамақ мәзірі 2022 жыл





2021-2022 оқу жылы мектептегі ыстық тамақтануды ұйымдастыру санитарлық-профилактикалық стандарттарға сай. Оқушылар кесте бойынша қатаң түрде тамақтанады, отыру нормаларын сақтайды, тамақтанар алдында қолдарын жуып залалсыздандыру. Мектеп асханасының аспазшысы нормаларды қатаң сақтайды. Медициналық мейірбике Сахабина Ф асхана қызметкерлерімен мектеп оқушыларының тамақтану нормалары мен тепе-теңдігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізеді.
Қыркүйектен бастап Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінде барлық санаттағы оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Жалпы тамақтанатындар саны – 77 оқушы. Жалпы білім беру қорынан тегін тамақтанатындар саны - 26 оқушысы, 20 оқушы демеушілік қаражат есебінен тегін тамақтанады. Демеушілер ТОО «АЗКО Жаңажол» басшысы Азарапкин В.Н., «Досжан ата » мешіті Жусупбеков А, ТОО «Интерстройсервис» басшысы Досжанов Б. Ыстық тамақ бағасы - 100 теңге.
Санитарлық талаптарға сәйкес тамақтану кезінде қауіпсіздік шаралары сақталған: бекітілген мәзір, қашықтық, уақыт кестесі, ыдыс-аяқ пен жиһаз бөліктерін санитарлық тазарту, қолды залалсыздандыру.



2020-2021 жылдар
Тегін және жеңілдікпен тамақтанатындар бойынша бейнебаян.
Ыстық тамақ мәзірі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

Пандемия кезінде мектептегі ыстық тамақтануды ұйымдастыру санитарлық-профилактикалық стандарттарға сай болу үшін арнайы санитарлық бақылауды қажет етеді. Оқушылар кесте бойынша қатаң түрде тамақтанады, отыру нормаларын сақтайды, тамақтанар алдында қолдарын жуып залалсыздандыру. Мектеп асханасының аспазшысы нормаларды қатаң сақтайды. Медициналық мейірбике Сахабина Ф асхана қызметкерлерімен мектеп оқушыларының тамақтану нормалары мен тепе-теңдігі туралы профилактикалық әңгімелер жүргізеді.
18 қаңтардан бастап Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінде барлық санаттағы оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Ыстық тамақ бағасы - 120 теңге. Жалпы тегін тамақтанатындар саны – 50 оқушы оның 14 оқушысы жалпы білім беру қорынан, 36 оқушы демеушілік қаражат есебінен. Демеушілер ТОО «АЗКО Жаңажол» басшысы Азарапкин В.Н., ТОО «АзАсАл» басшысы Таспаев Б.А., «Досжан ата » мешіті.
Санитарлық талаптарға сәйкес тамақтану кезінде қауіпсіздік шаралары сақталған: бекітілген мәзір, қашықтық, уақыт кестесі, ыдыс-аяқ пен жиһаз бөліктерін санитарлық тазарту, қолды залалсыздандыру.
.jpg)


2019-2020 жылдар
Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы олардың берік денсаулығының кепілі. Сонымен қоса білім бағдарын құлшыныспен игеруге көмектеседі. Оқушыларымыздың дұрыс тамақтануы тікелей білім негіздерін дұрыс игеруге ықпалын тигізеді. 2019-2020 оқу жылында мектебіміздің оқушылары толықтай ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.



Тегiн тамақтану
2019-2020 оқу жылында мектебiмiз оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге дайын. Асханамыз 30 орынға шақталған, екi аусымда тамақтандырады. Бiрiншi аусым — 54 оқушы, екiншi — 21 оқушы тамақтанады. Асханада электроплита, тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, ыдыс аяқтар бар. Керек құрал жабдықтар электр ет тартқыш, су құятын ыдыс (бак). Биыл асхананың жиһазы жаңартылды. Оқушылар толық ыстық тамақпен қамтамасыз етiлген. Оның iшiнде 17 оқушы жалпы бiлiм беру қорынан тегiн тамақтанады. 6 оқушы демеушiлердiң көмегiмен тамақтанады.
Аспаз және көмекшiсi медициналық тексерiстен толық өттi. Екi жұмалық ас мәзiрi ауданмен келiсiлген.
Мектептiң учаскiсiнде көкөнiстер толық егiлген. Оның iшiнде картоп — 200 кг., қызанақ — 30 кг., қызылша — 50 кг., қияр — 20 кг., сәбiз — 10 кг., қалқан — 10 кг., кәдi — 50 кг.
«Дұрыс тамақтану ережелерi»
- Өлшемдiлiк ережесi. Адам күнiне 3-4 рет ас қабылдауы керек. Әрбiр қабылдау барысында астың мөлшерi 2 алақанды қосқандағы уыс көлемiне тең болуы тиiс. Сонда қабылдаған ас, асқазанның 3/4 бөлiгiн ғана толтырады. Асқазандағы астың дұрыс араласуына және ас қорыту сөлiмен әрекеттесуi үшiн, бұл ереженi қатаң түрде сақтау қажет.
- Астың негiзгi мөлшерiн қабылдау 12.00-14.00 аралығына сәйкес келуi тиiс. Бұл кезде От элементi мен бауырдың белсендiлiгi жоғары болады. Сондықтан қуатты, майлы астар тәулiктiң осы кезiнде қабылдануы тиiс.
- Суық кезде жемiс пен көкөнiстердi қолдануды шектеу керек. Суық мезгiлдерде пiспеген затты жеу салқын тиюге, iсiктiң пайда болуына, ас қорыту мәселелерiнiң туындауына алып келедi. Себебi, жемiстер мен көкөнiстер қасиетi бойынша салқын заттар қатарына жатады. Оларды жиi қабылдау iшкi жылылықты төмендетедi және организмдегi барлық үдерiстердi баяулатады.
- Жаңа пiсiрiлген тағамды жеу. Ұзақ сақталған тағамдарда улы заттар мен салқындық қасиет жиналады. Ал, етке бұл қасиет тән емес, суықта сақтаған сайын жылылық қасиетi арта түседi.
- Тамақты мұздай немесе ыстық күйде пайдалануға жол бермеу керек. Астың жоғары немесе төмен температурада болуы асқазан сөлiне зиян келтiредi. Ыстық күнде бiз үй бөлмесiнiң температурасындағыдай суды iшуiмiз керек. Егер мұздай суды пайдалансақ, оны жылыту үшiн организм көбiрек энергия жұмсайды, одан кейiн су асқазан сөлiне араласады.
- Тағам қабылдау барысында сұйықтық iшуге болмайды, iшкен жағдайда ас қорыту сөлiнiң шоғырлануы азайып, асқазанның ас қорытуы төмендейдi.



