«Адал азамат»
21.09.2026 
 « 5-11 - сынып оқушыларына "Адал еңбек және жауапкершілік" атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
•Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу;
•Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру. Қауіпсіздік сабақ; «КИБЕРБУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРГРУМИНГ»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды кибербуллинг және кибергруминг туралы хабардар ету
Негізгі міндеттер:
1. Кибербуллинг және кибергруминг туралы ақпарат беріңіз.
2. Оқушыларды жеке қауіпсіздікті сақтауға үйрету.
 
14.09.2026
Бүгінгі күні "Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол ОМ" КММ 14.09.2026 ж «ШАБЫТТАНДЫРАТЫН КӨШБАСШЫ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 10-11 сынып оқушыларына "Көшбасшы – деген кім?" атты сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Сабаққа қатысушыларға көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Көшбасшының міндеті – адамдарды өз әлеуетін толық жүзеге асыруға көмектесу арқылы шабыттандыру және ынталандыру. Қауіпсіздік сабақ; «ТАБЫСТЫҢ КҮМӘНДІ ТҮРЛЕРІ. ҚАЛАЙ АЛАЯҚТАРДЫҢ ТҰЗАҒЫНА ТҮСПЕУГЕ БОЛАДЫ?»
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектерге күмәнді табыс көздері туралы түсінік беру.
 
14.09.2026
7-9 сынып оқушыларына «ӨЗІМНІҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕНІҢ ЖЕКЕ ШЕКАРАЛАРЫ»
жобасы аясында «Жеке шекаралар дегеніміз не, олар не үшін керек?» сынып сағаты өтілді. Мақсаты: Оқушыларды жеке шекаралар ұғымымен таныстыру, физикалық, эмоционалдық, психологиялық және цифрлық шекараларды ажырата білуге үйрету. Сынып сағатының соңы қауіпсіздік сабағымен жалғасты : «Гаджеттердің тәуелділігіне қалай түспеуге болады?» (10 минут)
 
 
10.09.2026 жыл
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының АПҚО қызметі және отбасы күніне арналған іш-шаралар аясында Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінде Арт-терапия шеберлік сабағы өтті.
Мақсаты:
Ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты нығайту, өзара түсіністік пен сенімді арттыру. Шығармашылық жұмыстар арқылы қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне және аналардың балаларымен сапалы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беру.
 
07.09.2026 жыл Бастауыш сынып оқушыларына
,"Мен және менің отбасым" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Отбасының құндылықтарын құрметтеуге,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Қ/С 10 мин
"Төтенше жағдай туындаған кезде жпдел қызметтерге қоңырау шолу скриптері.
 
🚦 Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ міндет!
📅 07.09.2026 ж. 5–11 сынып оқушылары арасында «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында бірлескен сынып сағаты өткізілді.
🎯 Мақсаты: оқушыларға жолда жүру ережелерін түсіндіру, жол қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын ұғындыру, жаяу жүргіншілердің міндеттері мен жол белгілері туралы білімдерін кеңейту.
Сабақ барысында оқушылар жолда өзін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілер өткелінен өту, бағдаршам талаптарын сақтау және қауіпсіздік ережелерін орындау туралы өз білімдерін толықтырды.
 
01.09.2026 ж 1 қыркүйек - Білім күніне орай 1-11 сынып оқушыларына "Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтілді.
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конститутциясы туралы жас ерекшелігіне сай қарапайым түсінік беру.
Отанды,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,өз құқығы мен міндетін білуге,тәртіпті және жауапты азамат болуға тәрбиелеу.