Мектеп тарихы

1930 жылы алғаш рет Жаңажол ауылында бастауыш мектеп ашылады. Алғашқы директор — Жандосов Сәдуақас деген кісі болады.

1961 жылы ауданда бірінші болып қазақша 8 жылдық мектепке көшіріледі.

1975-1976 ж.ж. оқу жылында 10 жылдық мектеп ашылады.

Мектепті алғаш рет алтын медалмен бітірген оқушы – Шопанова Нұрсұлу.
Одан соң үздік бітірген Ақынов Ержан. 1992 жылы кандидат атанды.
Ақынов Айсары Кәкімұлы мектепті жақсы аяқтады.
Новосибирск университетін бітіріп, Семейде институтта мұғалім болып істейді.

1994-1995 оқу жылында Сайдуова Нурикамал ерекше үлгідегі аттестат алды.

1995-1996 оқу жылында Асылбекова Айман ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды.

Одан кейін ерекше үлгідегі аттестатқа 2011-2012 оқу жылында Қаирбек Асылтас және Касенова Айдана алды.

Күміске бітіргендер: Өтегенова Гүлмира, Ақынова Қарлығаш, Мырзахметова Майнура, Жиентаева Ақбаян.

Қарт мұғалімдердің бірі — қазақ тілі пәнінен дәріс берген Мұсабаев Күзенбай Ұлы Отан соғысынан оралмады. Ауыл тумасы Мәуітбаев Кәжікен, Тұрлыбаев Қабдрашит, Бәйкенов Зарап, Жылқайдаров Сейтқожа, Шәкіров Қанай, Нұрқанов Нәжмиттен, Ғабдуллин Қайыржан,
Ақынов Кәкім, Құсайнова Камила, Қазиқанова Алқа, Қазиқанов Қайыржан, Сейтенова Зураш, Ермекбаева Күлбадам, Абдрахманова Күлшара, Құсайнова Роза ұзақ жылдар бойы ауыл балаларына тәлім-тәрбие беріп ұстаздық еңбектерінің зейнетін көрген жандар, көріп те отыр.

Жоғарыдағы атап өтілген мектептің алғашқы директорларынан кейін Қосаев Қабжан, Нұржауыпова Күлзада Ибрайқызы, Ғабдуллин Қайыржан, Жахин Ғазез (Көктерек), Асқарова (Құсайнова) Роза, Байболова Күміс Сейтқазықызы, Ғабдуллина Гүлнар Ғаббасқызы, Аманова Ләйлә Көшімбайқызы, Жиентаев Самархан Қапарұлы директор болып қызмет істеді. Қазір бұл қызметті Қазбекова Жайнагүл Қосманқызы атқаруда.

Ауыл атын алысқа танытып, республика, облыс, аудан көлемінде бедел биігінен көрініп, әр салада ірі де жауапты қызметтер атқарып, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілген азаматтарымыз жаңажолдықтардың мақтанышына айналуда. Олардың көпшілігі білім, ғылым саласында ұзақ жылдар бойы қажымай — талмай еңбек етіп білім шыңына шықты, доктор, ғылым кандидаттары атақтарын қорғады. Жақсыны айтса жан сүйсінеді емес пе!
Ауылдан шыққан осындай абзал азматтардың есімдерін сүйсіне ауызға алып, кейінгі ұрпаққа үлгі тұтамыз.

1992-1993 оқу жылдары мектепке жерлес ақынымыз Ғалым Малдыбаевтың аты берілді.