Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық интеллектуалдық ойыны. Қазақ халқының ұлы ғұламалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған екен. Ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі болған бұл ұлттық ойынымызды мектебіміздің оқушылары тамсана ойнайды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткізілген тоғызқұмалақ ұлттық ойынына оқушылар белсене қатынасып ойларын, бойларын шынықтырды. #Балаларжылы2022#РуханиЖаңғыру#Жазғымектеп
15.06.2022 жыл.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебіміздің 2002 жылғы түлектер 20 жылдық білім бітіру кеш барысында мектепке қаржылай көмек көрсетті.Өздері оқыған білім ордаларын ұмытпай , осындай көмек көрсеткен барша азаматтарға мектеп ұжымы дән риза.
"Балалар жылы" аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданында "Аю-Тас" сауықтыру лагерінде этноауыл жұмысын бастады.Мақсат – балалардың демалысын қызықты, әрі пайдалы етіп ұйымдастыру. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді дәріптеп, насихаттамақшы. Балаларға, оқушыларға ұмыт бола бастаған дәстүрлерді үйретіп, көрсетіледі. Ашылу салтанатында дәстүрлі ойындар өткізіліп, қазақи нақышта жасалынған қол -өнерлерден көрме ұйымдастырылды.Мектебіміздің оқушылары тоғызқұмалақ ойынына қатынасып,алтыбақан теуіп, далада піскен бауырсақтан дәм татып жақсы көңіл - күйде қайтты. Даладағы ошаққа піскен сары бауырсақты этноауылдың ашылу салтанатына келген қонақтарға ұсынды. Сауықтыру алаңында біздің мектептің ғана емес, басқа да оқу ордаларының балалары келіп, демалысын өткізеді.Этноауылдағы әр күн жоспарланған.Этноауыл жаз бойы жұмыс істеп, оқушыларды 5 кезеңмен қабылдамақ. #БалаларЖылы2022#Aю-Таслагері #СауықтыруАлаңы#РуханиЖаңғыру
19.05.2022 жыл
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебімізде "Жасыл-яғни үнемді" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Мақсаты:Мақсаты: экологиялық және табиғи ресурстарды қорғау мен ұқыпты пайдалануды көздейтін белсенді азаматтық ұстанымы бар, мейірімді, жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеу.
Мұғалімдер табиғаттағы су қорын, оның түрлерін түрлі зерттеулер және бейнероликтер көрсету арқылы, оқушыларға оны үнемдеудің қажеттілігін түсіндіріп өтеді. #руханижаңғыру#балаларжылы2022
18.05.2022 жыл
"Рухани жаңғыру" бағларламасы аясында мектебімізде «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында эссе өткізілді. Мақсаты:Мақсаты: туған елінің, жерінің қадір – қасиетін ұғындыру, туған жер тұлғаларына деген құрметтерін арттыру.
Оқушылар тұрып жатқан өлкенің тарихымен жете танысып, еліміздің тарихын зерттеп эссе жазды.#руханижаңғыру#балаларжылы2022
15.12.2021 жыл
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мектебімізде көрме ұйымдастырылды.Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған көрменің мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының ұлттық қолтаңбасын, өнерін, салт-дәстүрін дәріптеу, мақтаныш ету. Сонымен қатар Тәуелсіздіктің қазақ халқына оңай жолмен келмегендігін оқушыларға насихаттау.#Тәуелсіздік30#Руханижаңғыру
08.12.2021 жыл.
Тарих пәнінің мұғалімі А.С.Жиентаев "Түркі жұртының мәдениеті" жайында жоғары сынып оқушыларына дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: тарих тереңіне бойлап, түбін білуге жетелеу, тамыры терең жатқан Түрік мәдениеттінің өткені мен бүгінінен мағлұмат бере отырып, түбі бір туыстастықты құрметтеу білуге тәрбиелеу.
Мектебімізде «Еңбек елдің мұраты» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын арттыру,еңбекқор болуға баулу.Қоршаған ортадан алған білімдерін өмірде,күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйрету.Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын байыту., мамандық түрлерімен және мамандық иелереінің атқаратын қызметінен түсінік беру. Сынып сағаты барысында оқушыларға интерактивті тақта арқылы слайдтар,бейнероликтер көрсетілді. Жұмбақтар оқылып шешімдерін таба білді. Еңбекке байланысты мақал – мәтелдер айтылды. #руханижаңғыру
18.11.2021 жыл. "Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары" тақырыбында мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Шекенова К.С. танымдық сабақ өткізді.Оқушыларға халқымыздың қадір тұтатын туған жерлері туралы құнды деректер берді.
16.11.2021 жыл. Мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Жиентаев А.С. "Ғажайып сәулет туындылары" тақырыбы бойынша жоғары сынып оқушыларына "Киіз үй" туралы бейне ролик көрсетті. Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. Өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы, әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата-бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аласыз. Осы орайда, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылығымызды дәріптеу ерекше назарда. Сол мақсатта мектебіміздің жоғары сынып оқушыларына түсіндіру ролигі көрсетілді. Мәдениетімізге қанық, дәстүріміз бен салтымызды қадыр тұтатын, тарихымызды жетік танитын саналы да, дарынды шәкірттеріміздің қатары көп болғай!
09.11.2021 жыл. Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К Токаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» атты мектепшілік байқауы өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бопанова Д.Қ. жетекшілігімен байқауға 7 оқушы қатысты. Қаби Ару оқушылар арасынан озық шығып 3 орынға ие болды.
06.11.2021 жыл. Күзгі демалыс уақытында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде дебат қозғалысы жобасы бойынша, 10-11 сынып оқушылар арасында онлайн түрінде «+ және - желілік ойындары» деген пікірсайыс өткізілді. Оқушылар белсенді қатысты. #руханижаңғыру
04.11.2021 жыл. Жанданған пәндер әлемі(жас сиқыршылар мен иллюзионистердің квесті). Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде кино индустриясын оқушыларға таныту арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу,шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында Жанданған пәндер әлемі(жас сиқыршылар мен иллюзионистердің квесті) тақырыбында күзгі демалыс кезінде жоспарға сай 5-9 сыныптар арасында онлайн ойындар өткізілді. #руханижаңғыру
26.10.2021 жыл. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында құрылған "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша оқушылармен жұмыс жалғасуда. Мақсаты:кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуды сәнге айналдыру.#руханижаңғыру
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында "Тәуелсіздік мен үшін нені білдіреді?" тақырыбында мектеп оқушылары эссе жазды.Мақсаты: Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу . Эссе барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. #РуханиЖаңғыру
26.02.2021 ;sk
11.12.2020
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы ұсынылған болатын.Осыған орай мектебімізде жобаға қатысты "100 жаңа есім " тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.2-сынып оқушыларына жобаның мақсат міндеттері түсіндірілді.
02.12.2020
КММ "Ғалым Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің" Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес "Менің бірінші Президентім" тақырыбанда 1-5 сыныптар аралығында суреттер сайысы ұйымдастырылды.Оқушылар әр нәрсеге мұқият болып,ерекше суреттер ұсынды.Бала көзімен бейнеленген суреттер жауапты ұстаз Қазбеков Арман Қайырұлына табысталды.
02.12.2020
Бастауыш сыныптарға "Латын әліпбиіне көшу -еліміздің рухани өміріндегі қадамы" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды.Сабақ барысында оқушыларға латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы ұғындырылды.Сабақтың мақсаты:Латын әліпбиіне көшудің маңыздылы туралы терең мағлұмат беру,қоғамдық пікір қалыптастыру .Қоғамға пайдалы бола алатын патриот ұрпақ тәрбиелеу .
30.11.2020
Қарашаның жиырмасы тұңғыш президент күніне орай бастауыш сынып оқушыларына "Бір ел,бір тағдыр" тақырыбында деректі фильм көрсетілді.Фильм барысында Елбасымыздың жүріп өткен жолы жайлы толық мағлұмат беріліп,ел тарихы жайлы сыр шертілді.
Тұңғыш Елбасымыздың тәуелсіз мемлекетті ең алғаш болып басқарғанына қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.Сондықтан егемендігіміз баянды болып,халқымыз аман,ел жұртымыз тыныш болсын дейміз!
30.11.2020
Тұңғыш президент күніне орай 5-9 сынып оқушыларына "Болашаққа бастар жол" тақырыбында деректі фильм көрсетілді. Фильм барысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді. Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу біздің негізі мақсатымыз.Сол себептен оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру ұлт тарихын қастерлеу ұғымымен сайма-сай десек асыра айтпағанымыз!
14.10.2020
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Мемлекеттік рәміздерге қатысты мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған ақпараттық сабақ ұйымдастырылды.Сабақ барысында оқушылар мемлекетіміздің рәміздері жайлы көптеген ақпараттармен бөлісіп,халқымыз үшін рәміздеріміздің маңыздылығын талқылады.Ақпараттық бейнеролик тамашалау арқылы оқушылар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» заңына қатысты түрлі мәліметтерді игерді.
18.09.2020
Тұңғыш Елбасымыздың жарлығымен 1998 жылы 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланған болатын.Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой.Мінекей ұлы мұрамыз тілдер мерекесі де таяп қалды.
Тілдер меркесіне орай мектебімізде “МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІК ТІЛ” атты тілдер апталығы жүргізілді.
Апталық іс-шара мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.
7 қыркүйек тіл мұғалімдерінің ұйымдастыруымен апталықтың ашылу салтанаты өткізілді.Мектеп кітапханашысы Сейтқазина Бақытгүл Тельманқызы 1-11 сыныптарға арналған “Ана тілім-асыл мұрам” атты көрме ұйымдастырды.Мектебіміздің қазақ тілі маманы Бопанова Дана Қайратқызы 9-сынып оқушыларына “Тәні саудың -жаны сау” тақырыбында эссе сайысын жүргізді. “Тіл -достықтың көпірі” атты тақырыпта 7-сынып оқушылары арасында үш тілде ән айту сайысы ұйымдастырылып,оқушылардың ана тілге ,өзге тілге деген құрметтерін арттырды.4-сынып оқушылары “Тілден терең теңіз жоқ” атауымен ашық журнал яғни буклет жасады.Бұл жұмыстары арқылы оқушылар ана тіліміздің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін ұғынғандай. Оқушылар ашық журналда тілді классификациялау арқылы қазақ тілінің дамуын сызбаға түсіріп, тілдің шығу тарихын суреттеді.Бастауыш сынып мұғалімі Шугаипова Зейнеп Кәкімқызының ұйымдастыруымен 1- сынып оқушыларына “В гостях у сказки” тақырыбында үш тілде ертегілер көрсетіліп,оқушылар өздері ұнатқан ертегілерін сахыналап берді.Жоғарғы сыныптар арасында “Мемлекеттік тіл-менің тілім” атты сайыс сабақ ұйымдастырылды. Оқушылар сайыс сабақта алған білімдерін саралай отырып, әлемдік тілдерге қатысты біршама мәліметтерді игерді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері түрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп білуіне көңіл бөліп, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімпаздық қабілеттерін оята білді.
Қорыта келгенде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы белгіленген жоспар бойынша жоғары деңгейде өткізілді.
10.02.2020
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 9,10-сыныптарға "Туған елге тағзым" атты бағдарламалық сынып сағаты жүргізілді. Сынып жетекшілері: Альжанова Г.М, Бопанова Д.Қ.
29.11.19
«Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»
Тәуелсіз қазақ елінің тарихы сол елдің екі тізгін, бір шылбырын өз қолына ұстаған Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры яғни Елбасының тағдыры қазақ елінің тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Бұл қос тағдыр тұтас бір халықтың тағдыры!Осындай аталы сөздермен басталған жинымыз тұңғыш Елбасымыздың өмірбаянына жалғасты.Мектеп оқушылары,ұстаздары қатысқан шарада ән шырқалып,өлең де оқылды. «Мен президент болсам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Кеш қонағы ретінде мектебіміздің ардагер ұстазы Абдрахманова Күлшара Сергалиевна шақырылды.
16.09.19-20.09.19
«Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл»
2019-2020 оқу жылындағы «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» аты тілдер апталығның салтанатты ашылуы өткізілді.Мектеп кітапханашысының бастауымен «Ана тілім-асыл мұрам» кітаптар көрмесімен жалғасын тапты. «Мемлекеттік тіл-оқушылар көзқарасымен» деген атпен суреттер көрмесі,эссе жазу,өлең шығару сайыстары ұйымдастырылды. «Балауса » шағын орталығында «Тіл-достықтың көпірі» атты танымдық сабақ өткізілді. Қыркүйектің он сегізі «Funny English» топтар сайысы жүргізілсе,апталық барысы «Поэтикалық мозаика», Қазақ халқының Ұлы ақыны,ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 3-4,5-10 сынып оқушыларының арасында мәнерлеп оқу кешімен жалғасты.Апталықтың соңы «Тіл- менің тағдырым», «Мәңгілік ел-Мәңгілік тіл» деген атпен қорытындыланып,белсенді оқушылар марапатталды.
12.12.18
«Руханият бастауы-ұлттық құндылықта»
Ұлттық руханият ұғымы бойымыздағы ата-баба қанынан дарыған салт-сана, ұлттық рух құндылығымен пара-пар. Ұлттық сананы жандандыру жолында ұлттық ойындарымызға бiршама қолдау көрсету ерекше рөл атқармақ. Елбасымыз «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақаласында да ұлттық құндылықтарымызға баса назар салған. Ұлттық құндылықтарымыздың көрiнiсiн ұлттық ойын қазақша күрестен көре аламыз. Осыған орай мектеп түлегi Қажғумаров Ринат қазақша күреспен айналысатын балуандарға спорттық киiм «кимоно» сыйға тартты.
«Баскетболдан жарыс»
21.04.2018
Бaлaлaрды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға тарту, белсенділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту мақсатында мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында «Баскетболдан жарыс» өткізілді.
«Менің сыныбым — әлемдегі ең жақсы сынып» фото конкурс
20.04.2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде Сыныбым-менің мақтанышым. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатыны рас. Мектеп-білім айдыныдағы үлкен кеме.
Астананың 20 жылдығына сынып сағаттары
18.04.2018
Мемлекет басшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында оқушыларға Астананың 20 жылдығына орай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушылардың Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының көрнекті жерлері туралы мағлұмат беру.
«Қозы Көрпеш — Баян сұлу» әндер байқауы
16.04.2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында берілген жоспар бойынша мектебімізде оқушылардың қатысуымен «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» атты әндер байқауы өтті. Аталмыш шараны оқушылардың бойына Махаббатты мәңгілік аялауға, адамгершілікке тәрбиелеу, дүниетанымын кеңейту, туған жерлеріне, ата-анасына, мектебіне деген сүйіспеншіліктерін ән арқылы жеткізу мақсатында өткізілді.
«Мен ғарышкермін» көңілді старт ойыны
12.04.2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында «Мен ғарышкермін» атты көңілді старт ойыны өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға XX ғасырдың 2-шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында бiлiм беру. Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу. Fылыми жаңалықтардың маңызын түсiне бiлу қабілеттерiн дамыту.
«Туған жер» мәнерлеп оқу байқауы
12.04.2018
Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жер» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Ғарышкерлер күніне сынып сағаты
12.04.2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде Ғарышкерлер күніне орай сынып сағаты өткізілді. Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту. Еліміздің мақтаныштары — қазақ ғарышкерлерімен таныстыру мақсатында өткізілген сынып сағатына оқушылар ат саыса қатысты.
«Мейірімілік күні» акциясы.
11.04.2018
Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу. Жақсылық жасай білу, жақсы іс-әрекеттер жасау іскерліктерін дамыту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының жетекшілігімен мейірімділік күніне орай тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы
10.04.2018
Биыл алты алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтілуде. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде оқушыларға жерлес ақын, сыршыл ақын, әрі қазақ жерінің жыршысы жайлы ой толғатып, эссе жазылды. Оқушылар белсене қатынасып қағаз бетіне бар білгендерін жазды.
«Кітап-біздің досымыз»
04.04.2018
Кітап оқу — адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқаратынын, кітап оқу мен кітапханаларды қолдау — қоғам дамуының басымды міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап-біздің досымыз» атты кітапханалық сабақ өткізілді.
«Тоғызқұмалақ» ойыны
03.04.2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебімізде қазақтың салт дәстүрін дәріптеп, оқушылардың дәстүрлі ойынға деген қыхығушылықтырын ояту мақсатында «тоғызқұмалақ» ойыны ойнатылды.