10-11 қаңтарда Бескөл БЖСМ залында жасөспірімдер арасында өткен қазақ күресінен Облыстық чемпионаттан окушыларымыз жүлделі орындармен оралды:
Айтқожа Нұртай - 2 орын;
Жолкенов Жалғас - 3 орын;
Жұмабек Ерқанат - 3 орын.


13.06.2021 жыл
Қазақстан Республикасының чемпионатында ұстазымыз жүлдегер атанды
Жыл басында, яғни 2022 жылдың 4-7 қаңтар аралығында Елордамыз Нұрсұлтан қаласында тоғыз құмалақтың Ұлттық түрінен ҚР білім және ғылым қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Тоғыз құмалақтан Солтүстік Қазақстан құрамасының өкілі болып біздің достық кәсіподақ ұйымының мүшесі, «Жаңажол орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Жиентаев Амангелді Сүлейменұлы аттанды. Турнирге 14 облыс пен Нұрсұлтан қаласы қатысты. Қыңыр тартыста Амангелді Сүлейменұлы Солтүстік Қазақстан облысын лайықты таныстырып, республикада 3 жүлделі орынға ие болды. Кәсіподақтар өз белсенділері мен спортшыларын үнемі қолдап отырады. Қола медаль және 70 000 теңгенің сертификаты – осы Қазақстан Республикасы чемпионатының негізін қалаушы, салалық кәсіподақ ұйымының жеңімпазы марапаттады. Амангелді Сүлейменұлы шәкірттеріне үлкен көңіл бөліп, зияткерлік ойынның стратегиясы мен тактикасын үйретіп қана қоймай, шыншылдыққа тәрбиелейді. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін.

Досжан атаны еске алуға арналған турнир!!!
Шал ақын ауданына қарасты Жаңажол ауылының дамуына ерекше үлес қосып, туған жерінің Нағыз жанашыры үлкен кәсіпкер, "Интерстройсервис и К" ЖШС директоры "Бейбіт Досжанов өз қаржысына 2010 жылы ескі дүкен ғимаратын адам танымастай өзгертіпті Досжан ата мешітін салған болатын. Осы күнге дейін мешіттің барлық шығындарын жауап отыр. Сонымен қатар, өзі оқыған мектебіне жыл сайын жөндеу жұмыстарына демеушілік жасайды.
Міне, 11 жыл салып, Бейбіт Сабырұлы Құрбан Айт мерекесі күні Досжан атаны еске алуға арналған Ұлттық спорт ойын түрлерінен үлкен турнир ұйымдастырды және аудан бойынша алғаш рет Азан айту жарысын өткізді. Пандемияның салдарынан турнирге тек ауыл тұрғындары ғана қатысты. Жарыс екі күнге созылды, бірінші күні оқушылар арасында тоғызқұмалақ өткізілді.
2009 ж. және одан кіші балалар 1-орын Темірболат Бақдаулет, 2-орын Гайсина Айсу, 3-орын Қанат Айым.
2007-2008 жж арасында 1-орын Сәден Сабина, 2-орын Қабыкен Аяулым, 3-орын Шайхиден Махаббат.
Көкпар ойынында, Жұмашев Құдайберген .ең көп салым салып, ерекше көзге түсті.
Екінші күні қазақша күрестен ақтық ойындар өтті:
26 кг. 1-орын Нұрахмет Елнұр, 2-орын Қаби Адэм, 3-орын Ғабдолла Төремұрат.
30 кг. 1-орын Қатран Ерұлан, 2-орын Ашимов Ансар, 3-орын Серік Алишер.
35 кг. 1-орын Қатран Темірлан, 2-орын Рамазан Шәкәрім, 3-орын Жылқыбай Нұрдәулет,
45 кг. 1-орын Алтаев Елдос, 2-орын Жұмабек Ерқанат.
Үлкендер 70 кг. дейін 1-орын Рахимов Мейірбек, 2-орын Сахабин Абылайхан, 3-орын Жұмашев Құдайберген.
70 кг. жоғары 1-орын Қалижанов Айдар, 2-орын Абдрахманов Нұрлыбек, 3-орын Биканов Әділбек. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтармен, мақтау қағазбен марапаталды.
Азан айтудан 7 бала қатысты. Бас жүлдені Ақсу ауылының азаншысы жеңіп алды.
"Интерстройсервис и К" ЖШС атынан "Мектепке жол" акциясы аясында 12 оқушыға көмек көрсетіліп және мектебімізді ағымдық жөндеу жұмыстарына құрылыс материалдарын берді.
"Ұлы дала рухы" фестивалі мәресіне жетті
15-17 маусым аралығында Бескөл кенттінде Мектеп оқушылары арасында ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала рухы" спорттық I фестивалі өтті.
Осы фестивальға ауданымыздың атынан мектебіміздің тоғызқұмалақшылары (Сембина Айнара, Елубаева Саида, Катранова Томирис, Сәкен Әйгерім, Каирбекова Айнур, Шайхиден Махаббат және Қабыкен Аяулым) қатысып, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, осы ойын түрінен чемпион атанды.
Басқа ойын түрлеріненде ауданымыз жақсы нәтиже көрсетті: қазақша күрес 2-орын, бес тас асық және асық ату 3-орын арқан тарту 5 орын алып, жалпы командалық есепте 92 ұпаймен ауданымыз осы фестивальдің басты кубігіне ие болды