Күзгі каникул кезеңінде білім алушылар арасын «Құқық бұзушылықтардың, темекі өнімдерін, вейптерді, алкогольді және психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға:
Темекі өнімдері мен электронды темекінің (вейптің) денсаулыққа зияны;
Алкоголь мен психобелсенді заттарды тұтынудың қауіпті салдары;
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік;
Құрдастардың теріс ықпалына қарсы тұру және дұрыс шешім қабылдау;
Салауатты өмір салтын ұстану және бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді.
Оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, зиянды әдеттерден аулақ болу және қоғамдағы тәртіп нормаларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Денсаулық – баға жетпес байлық, ал жарқын болашақ – саналы таңдаудан басталады!