«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ!» – КІТАППЕН ӨТКЕН ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС!

Күзгі каникул кезеңінде білім алушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 9-сынып оқушылары арасында «Каникулда кітап оқимыз» республикалық кітап оқу марафоны аясында кітап оқуды насихаттау жұмыстары ұйымдастырылды.

Марафон барысында оқушыларға көркем әдебиет оқудың маңыздылығы түсіндіріліп, демалыс уақытында өздері таңдаған шығармаларды оқып, алған әсерлерімен бөлісу ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты:
- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- Бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге баулу;
- Оқу мәдениетін қалыптастыру;
- Сөздік қорын байытып, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Кітап арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.

Кітап оқу – білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, адамның дүниетанымын байытып, өзіндік ой-пікірін қалыптастыруға ықпал етеді.

Күзгі демалысты кітаппен бірге өткізейік!

«Кітап оқыған ұрпақ – кемел болашақтың кепілі!»