«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ!» – КІТАППЕН ӨТКЕН ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС!
«КАНИКУЛДА КІТАП ОҚИМЫЗ!» – КІТАППЕН ӨТКЕН ДЕМАЛЫС – ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС!
📖 Күзгі каникул кезеңінде білім алушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 9-сынып оқушылары арасында «Каникулда кітап оқимыз» республикалық кітап оқу марафоны аясында кітап оқуды насихаттау жұмыстары ұйымдастырылды.
📚 Марафон барысында оқушыларға көркем әдебиет оқудың маңыздылығы түсіндіріліп, демалыс уақытында өздері таңдаған шығармаларды оқып, алған әсерлерімен бөлісу ұсынылды.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты:
- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- Бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуге баулу;
- Оқу мәдениетін қалыптастыру;
- Сөздік қорын байытып, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- Кітап арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
📖 Кітап оқу – білім көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, адамның дүниетанымын байытып, өзіндік ой-пікірін қалыптастыруға ықпал етеді.
🍂 Күзгі демалысты кітаппен бірге өткізейік!
✨ «Кітап оқыған ұрпақ – кемел болашақтың кепілі!»
Дата публикации: 30.10.2026