**«ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ – ӨМІРІҢДІ ҚОРҒАУ!»**
**«ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ – ӨМІРІҢДІ ҚОРҒАУ!»** 🚒🍁
🏫 Күзгі каникул кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында 9-сынып оқушыларымен **«Жол қозғалысы ережелері, өрт қауіпсіздігі, көшеде, үйде және қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріп-тұру қағидалары»** тақырыбында нұсқама жұмыстары жүргізілді.
📌 Нұсқама барысында оқушыларға:
🚦 Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау;
🔥 Өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау;
🏠 Үй жағдайында электр және газ құралдарын қауіпсіз пайдалану;
🚶 Көшеде және қоғамдық орындарда тәртіп пен қауіпсіздік қағидаларын сақтау;
📱 Бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста және интернет кеңістігінде сақ болу;
🚨 Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді.
🎯 **Мақсаты:** күзгі каникул кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының, өрттің, жарақаттанудың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру.
✅ Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтау, бос уақытын тиімді өткізу және қауіпті жағдайлар туындаған кезде ересектерден дер кезінде көмек сұрау қажеттігі ескертілді.
🍂 **Қауіпсіз каникул – алаңсыз демалыстың кепілі!**
🛡️ **Өз қауіпсіздігің – өз қолыңда!**
Сынып жетекшісі: А.С. Жиентаев
Дата публикации: 30.10.2026