«Ұлттық киім күні» челленджі
ұйымдастырылды
Наурыз мейрамына орай мектепте «Ұлттық киім күні» челленджі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау және ұлттық киімдерді кеңінен таныту.
Челлендж барысында оқушылар мен мұғалімдер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, қазақтың дәстүрлі мәдениетіне деген құрметтерін көрсетті. Әсем ою-өрнекпен безендірілген киімдер арқылы қатысушылар ұлттық сәннің ерекшелігін таныстырып, бір-бірімен әсерлі фотосуреттер мен бейнероликтер бөлісті.
Іс-шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, өз халқының мұрасын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды. «Ұлттық киім күні» челленджі барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.
Дата публикации: 30.03.2026