«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.
Сенбілік барысында мектеп ауласы тазартылып, қоқыстар жиналды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Мұндай шаралар оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Дата публикации: 04.04.2026