«Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
2026 жылғы 7 сәуір күні мектебімізде «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілікті арттыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Денсаулық сабағы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бірінші вице-министрінің бейнеүндеуін тамашалап, денсаулықты нығайту, зиянды әдеттердің алдын алу және дұрыс тамақтану туралы маңызды ақпараттар алды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың салауатты өмір салтына деген көзқарасын қалыптастырып, жарқын болашаққа қадам жасауына ықпал етеді.
Дата публикации: 07.04.2026