Жазғы демалыс

Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі жанынан 2026 жылдың 2 маусымы мен 14 тамызы аралығында жазғы сауықтыру алаңы өз жұмысын бастайды. Жазғы демалыс кезеңінде оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылады. Бағдарлама аясында палаткалы және спорттық лагерь, шығармашылық бағыттағы жұмыстар, экологиялық және еңбек жасақтары, спорттық сайыстар, экскурсиялар мен туристік жорықтар өткізіледі. Сонымен қатар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі.
Жазғы сауықтыру алаңы – балалардың демалысын тиімді өткізіп, жаңа достар тауып, қызықты әсер алатын ерекше орта. Барша оқушыларды белсенді демалыс алаңына қатысуға шақырамыз!

Дата публикации: 17.05.2026