«Дәрігер – балалардың жанашыры» т
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Қазақстан балалары» жобасы аясында, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар тұжырымдамасы негізінде Жаңажол орта мектебінде бірқатар тәрбиелік және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Осы орайда, 2025 жылдың 26 мамыр күні Жаңажол орта мектебінің оқушылары үшін «Дәрігер – балалардың жанашыры» тақырыбында ауылдық медициналық пунктке танымдық экскурсия өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салты туралы түсініктерін кеңейту және дәрігер мамандығының маңыздылығын ұғындыру.
Экскурсия барысында оқушылар дәрігердің күнделікті жұмысымен танысып, алғашқы медициналық көмек көрсету бөлмесін, қажетті медициналық құрал-жабдықтарды көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, балаларға денсаулықты сақтау, дұрыс тамақтану және жеке гигиена ережелері туралы пайдалы ақпараттар берілді.
Осындай танымдық шаралар жас ұрпақтың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, олардың болашақ мамандық таңдауларына да оң ықпал етеді деген сенімдеміз.
Дата публикации: 26.05.2025