"Ауғанның асуында от кешкендер" атты жоғары сынып оқушыларына тәрбие сағаты
Мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Шекенов Е.Т. және тарих пәнінің мұғалімі Жиентаев А.С. 15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған "Ауғанның асуында от кешкендер" атты жоғары сынып оқушыларына тәрбие сағатын өткізді.
Сабақ барысында Шекенов Е.Т. ауылдың ауған соғыс ардагерлері туралы ақпарат берді. Жиентаев А.С. ауған соғысының тарихын баян етіп, бейне фильм көрсетті. Кейін Кахут бағдарламасы арқылы тест сұрақтар жарысы өткізіліп, 8 сынып оқушысы Жылқыбай А. сұрақтарға дұрыс және тез жауап беріп жеңімпаз атанды.
Сабақтың соңында. оқушылар автоматты бұзып, жинау бойынша сайысты. Бұл сайыста, 11 сынып оқушысы Ымбыл А. жеңіске жетті.

Дата публикации: 16.02.2023
- Қамқоршылық кеңес
- «Біртұтас тәрбие»
- Мектептің өзін өзі басқару ұйымы
- Спорттық іс-шаралар және жетістіктер
- Электрондық сенім жәшігін
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл
- "Адал ұрпақ" клубы
- Мектептің өзін-өзі бағалауы
- Нормативтік құжаттар
- Әдістемелік жұмыс
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- 2021 жылғы ҰБТ дайындық