«Полиция – балалардың қорғаны»
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне және «ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» тұжырымдамасы аясында мектебіміздің оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. «Қауіпсіздік» акциясы аясында өткізілген бұл шарада оқушылар жергілікті полиция бөлімшесіне барып, құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысымен танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралармен таныстыру және полиция қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін түсіндіру болды.
Оқушылар тәртіп сақшыларымен ашық әңгіме құрып, түрлі қауіпсіздік ережелерін үйреніп, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Бұл кездесу балаларға зор әсер қалдырды, әрі олардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайта түсті.
Дата публикации: 23.05.2025