«Отбасымызда зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында Бейнебаян
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күн» науқаны аясында «Отбасымызда зорлық зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында Бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян барысында әлеуметтік ұстаз Нуртазина А.Б. оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беріп, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіріп және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айта кетті. Оқушыларға жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті болу керектігін түсіндірді.
Дата публикации: 07.12.2022
- Қамқоршылық кеңес
- «Біртұтас тәрбие»
- Мектептің өзін өзі басқару ұйымы
- Спорттық іс-шаралар және жетістіктер
- Электрондық сенім жәшігін
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл
- "Адал ұрпақ" клубы
- Мектептің өзін-өзі бағалауы
- Нормативтік құжаттар
- Әдістемелік жұмыс
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- 2021 жылғы ҰБТ дайындық