«Мектебім, саған, мың алғыс!»
2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай 23 мамыр күні Ғ.Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінде ерекше мерекелік жиын өтті!
Бұл күні ұстаздарға мың алғыс айтылып, мектеппен қоштасқан түлектерге ақ жол тілеген сәттер жүректі тербетті. 💐
Шара барысында мектеп директоры Ж. К. Казбекова, Жаңажол ауылдық округ әкімі Саян Аскарұлы және ардагер ұстаздар құттықтау сөз сөйлеп мектептің жетістіктері мен ұстаздардың еңбегін атап өтіп, үздік оқушылар марапатталып, түлектерге ақ тілектерін арнап сәт сапар тіледі. Оқушылар мен ұстаздар дайындаған концерттік бағдарламалар көрермен көңілінен шықты. 🏅🎶
💐 Ұстазға – алғыс, мектепке – сағыныш, түлектерге – ақ жол!
Дата публикации: 23.05.2025