"БҮГІНГІ ОҚУШЫ-ЕРТЕҢГІ СТУДЕНТ, " СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Мектебімізде 9-10- 11 сынып оқушыларына «Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент, болашақ маман» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты:
Жоғары оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру;

Әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 9-10-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;

Бітіріп кеткен түлектердің жақсы қасиеттерін, озық қабілеттерін кейінгіге үлгі ету;
Мамандықтардың түрлері, әр түрлі оқу орындары туралы мағлұмат беру.

Түлектер өздерінің университет қабырғасындағы қызықты оқиғаларымен бөлісіп “Бос микрофон” сұрақ-жауап бөлімінде сұхбаттасты.

“Студенттік өмір- игі өмірдің бастауы” бөлімінде оқушылар мен студенттер пікір алмасты.

Ал, “Ақ тілектер” бөлімінде студенттеріміз мектеп ұстаздарына, оқушыларға жүрек жарды тілектері мен ақыл- кеңестерін білдірді. Мектебіміздің түлегі “Алтын белгі” иегері Габдуллина Жансаянаның жанды дауыстағы әні жақсы көңіл күй сыйлады.

Дата публикации: 28.01.2023