Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өтті. Ұлттық ойынның дамуына серпін беретін бұл жарысқа өңірдің әр ауданынан келген жас спортшылар қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Облыс бойынша 100-ден астам мектеп оқушысы бақ сынаған тоғызқұмалақ чемпионаты тартысты әрі қызықты өтті. Екі күнге созылған додада қатысушылар ұлттық ойынның классикалық және блиц түрінен өзара мықтыны анықтады. Осы жарысқа мектебіміздің 13 оқушысы қатысқан болатын. Жарыс нәтижесі бойынша:
Классика түрінен:
2016-2017 жж (ұлдар) Сүлеймен Мұхамеджан 1-орын.
2016-2017 жж (қыздар) Нұрахмет Айсана 3-орын
2012-2013 жж. (ұлдар) Нұрахмет Елнұр 1-орын, Сүлеймен Әли 3-орын
2014-2015 жж (қыздар) Кәрібай Айғаным 3-орын.
Блиц түрінен:
2016-2017 жж (ұлдар) Қайыр Әмір 1-орын, Сүлеймен Мұхамеджан 3-орын.
2012-2013 жж. (ұлдар) Нұрахмет Елнұр 1-орын
2012-2013 жж (қыздар) Елубай Жанайым 1-орын
2014-2015 жж (қыздар) Кәрібай Айғаным 3-орын.
Енді жеңімпаздар маусым айында Қостанай қаласында өтетін Қазақстан Республикасы чемпионатынына қатысып, облыс намысын қорғайтын болады. Оқушыларымызды жепңістерімен құттықтап, алдағы жарыста сәттілік тілейміз!!!
- Қамқоршылық кеңес
- «Біртұтас тәрбие»
- Мектептің өзін өзі басқару ұйымы
- Спорттық іс-шаралар және жетістіктер
- Электрондық сенім жәшігін
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл
- "Адал ұрпақ" клубы
- Мектептің өзін-өзі бағалауы
- Нормативтік құжаттар
- Әдістемелік жұмыс
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- 2021 жылғы ҰБТ дайындық