«Біртұтас тәрбие»


Тәрбие сағаты барысында «Қазақстан – кеше, бүгін, ертең» деп, еліміздің тарихын қозғай отырып, оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызды құндылық екендігін, Отанымыздың жарқын болашағының кепілі екендігіне тағы бір көз жеткізді. Сабақ барысында оқушылар «Елімнің болашағы менің қолымда», «Елімнің келешегі – менмін», «Білімім – Отаныма» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.
Оқу- ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың оқу жылының аяқталуына арналған құттықтауын тыңдады.

Білімді ұрпақ елдің экономикалық тұрғыдан дамуына, мәдениеті мен ғылымының өркендеуіне үлес қосады. Осы тұрғыда біз өз шәкірттеріміздің еліміздің асқақ арманының жүзеге асуына кепіл бола алатынына сенеміз.

Тәрбие жоспарына сай 8 сыныпта бүгінгі 2025 жылғы жайма шуақ мамыр айының 23 күні "Білімім Отаныма" және "Қорытынды сабақ" ЖЖЕ 10 сабақ және қауіпсіздік сабағы ""Менің қандай құқығым бар?"тақырыбында қорытынды сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты:1. Оқушыларға білімнің маңызын түсіндіру, білімнің Отанға қызмет етудегі рөлін көрсету. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамыту. Қорытынды ЖЖЕ 10 сабақ. 2. Оқушыларды олардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Сынып сағатына кабинет безендірілді, видео презентация көрсетілді. Мектебіміздің директоры Қазбекова Ж.Қ. оқушыларымызды 2024-2025 оқу жылында алған марапаттарға марапаттады. Сынып сағатымызды ары қарай ұлттық құндылыққа .байланысты тапсырмалар орындап, жақсы жүректен шыққан жылы сөздермен және мақал- мәтелдермен жалғастырып сынып сағатымызды
Өте көңілді жақсы аяқтадық.
Сынып жетекшісі: Альжанова Кульзиян Молгаждаровна
5- сынып оқушыларына
«Білімім-Отаныма!» атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды білімнің маңызы мен еліміздің дамуына қосатын үлесі туралы ойландыру. Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Білімнің еліміздің болашағы үшін маңызды екенін түсіндіру. Велосипедте жүру. ЖЖЕ №10
Сынып сағатының соңы қауіпсіздік сабағымен жалғасты «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар"
Сынып жетекші: Нуртазина А.Б.

5 мамыр күні 7 сынып оқушыларымен “Буллингтен қорған!” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Буллингтің негізгі салдарына, яғни:
- Өзіне деген сенімнің азаюы
- Депрессия, қорқыныш
- Оқу үлгерімінің төмендеуі туралы түсінік беріліп, ақпараттандырылды. Буллингке ешқашан жол бермеу - әрқайсымыздың міндетіміз. Қолдау көрсету, достық және түсіністік - бұл біздің ең жақсы қаруымыз. Бір-бірімізге әрдайым қамқор болайық! - деген мұғалім сөзімен тәрбие сағаты қорытындыланды.
Сынып жетекшісі: Жиентаев Амангелді
Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.
Тақырыбы: «Буллингтен қорған!»
«Қауіпті хобби және серуендеу орындары»
Мақсаты • Оқушыларға буллинг (қорлау, мазақ ету) ұғымын түсіндіру;
• Буллингтің түрлері мен салдары туралы ақпарат беру;
• Қарым-қатынаста құрмет пен достықты дәріптеу;
•Қауіпті хобби мен серуен орындарын анықтайды
•Қауіпсіз және қауіпсіз емес әрекеттерді ажыратады
•Демалыс кезіндегі жеке және топтық қауіпсіздік ережелерін біледі
Тақырыбы. Ұлы отан соғысы.
Мақсаты:
Оқушылардың отансүйгіштік рухын көтеру, Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ерлігін ұлықтау,жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Қазақ халқының батырлық тарихын насихаттау.

5- сынып оқушыларына
«Буллингтен қорған!» Мақсаты: Оқушыларға буллинг (қорлау, мазақ ету) ұғымын түсіндіру;
Буллингтің түрлері мен салдары туралы ақпарат беру. Қарым-қатынаста құрмет пен достықты дәріптеу. ЖЖЕ №9 Жарақаттанғанда, жаралап алғанда алғашқы медициналық көмек көрсете білуге дағдылану.
Сынып сағатының соңы қауіпсіздік сабағымен жалғасты «Мектептегі қауіпсіздік ережелері» Сынып жетекші: Нуртазина А.Б.

«ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК» ТАҚЫРЫБЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
2024 жылдың 16 қыркүйегінде біртұтас тәрбие жоспарына сай 8 сыныпта бүгінгі 05.05.2025 ж күні "Буллингтен қорған!",ЖЖЕ N 9 САБАҚ "және ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ
,,Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: 1. Оқушыларға буллинг қорлау,мазақ ету ұғымдарын түсіндіру. Буллингтер түрлерімен салдары туралы ақпарат беру. 2.Жарақат алған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. 3.Саяхат кезінде төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге және пайдалы әдеттерді дамытуға үйрету. Мектеп медбикесі Таспаева Б.К. кездесу. Мағлұмат беріп,пайдалы кеңес алды.
Сынып жетекшісі: Альжанова Кульзиян Молгаждаровна

Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы: "Буллингтен қорған"
10- сынып оқушыларына буллинг жайында ақпарат беріліп, оның болу салдары мен қалай қорғану керектігі түсіндірілді. Мақсаты: Оқушыларға буллинг (қорлау, мазақ ету) ұғымын түсіндіру;Буллингтің түрлері мен салдары туралы ақпарат беру;Қарым-қатынаста құрмет пен достықты дәріптеу;Оқушыларға құқықтар мен міндеттер туралы түсінік беру;Құқықбұзушылықтар мен қылмыстардан сақтанудың жолдарын түсіндіру;Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру.Қауіпсіздік сабағы:«Өз құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді білу құқықбұзушылықтардан аулақ болуға қалай көмектеседі?»
Қауіпсіздік сабағында интернеттегі және әлеуметтік желідегі жеке шекараларды қорғау туралы айтылды. Оқушыларға видео ролик көрсетіліп, сол бойынша пікір алыстық.
Сынып жетекшісі: Д.К.Бопанова

ҒМалдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебі.КММ.1-сынып Сынып сағаты:"Ерлер жердің қорғаны,елдің тұтқасы!"Отан қорғаушылар күні! Мақсаты:Бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру.Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге,ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отан сүйгіштік, ұлт жанды лық қасиеттерін дәріптеу.Отанын,елін , қорғай білуге тәрбиелеу.

11-сынып тәрбие сағатының тақырыбы «Буллингтен қорған!» Мақсаты: Оқушыларға буллинг (қорлау, мазақ ету) ұғымын түсіндіру;
Буллингтің түрлері мен салдары туралы ақпарат беру;
Қарым-қатынаста құрмет пен достықты дәріптеу;
Қауіпсіздік сабағы: «Іс- шараларда қауіпсіз орта" Оқушыларға түрлі іс-шараларда қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.Қауіпсіз орта құру және қауіптерді алдын алу жолдарын үйрету.Қауіпсіздік мәдениетін дамыту және жауапкершілік сезімін арттыру
- Қамқоршылық кеңес
- «Біртұтас тәрбие»
- Мектептің өзін өзі басқару ұйымы
- Спорттық іс-шаралар және жетістіктер
- Электрондық сенім жәшігін
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл
- "Адал ұрпақ" клубы
- Мектептің өзін-өзі бағалауы
- Нормативтік құжаттар
- Әдістемелік жұмыс
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
- 2021 жылғы ҰБТ дайындық